УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 1994

УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 1994
Турнир

УЕФА Чемпиондар Лигасы 1993/94

Стадион

Олимпиада стадионы, Афина

УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 1994 — УЕФА Чемпиондар Лигасының 1993/94 жылғы маусымының шешуші матчы. 1994 жылы 18 мамырда Афинадағы Олимпиадалық стадионда өтті. "Милан" 4:0 есебімен "Барселонаны" ұтты.

Матч

"Барселона" осы ойынннан сәл ғана алдын Испания чемпионатын ұтқандықтан, матчтың фавориті саналды. Бірақ легионерлерді пайдалану лимитінің шегін сақтап, Брайан Лаудруп, Жан-Пьер Папен секілді ойыншыларын пайдалана алмағаны аздай, Алессандро Костакурта, Франко Барези секілді ойыншылары да финалға қатыса алмаған "Милан" бұл күні ерекше ойнады.

"Милан" финалда ақ жейдемен, "Барселона" өздерінің әдепкі қызылды-көк жейдесімен алаңға шықты. 22 минутта миландық Деян Савичевич оң қанаттан доп асырып, Даниэле Массаро дәл соқты — 1:0. бірінші тайм бітер тұста Массаро тағы да гол соқты, бұл жолы оған Роберто Донадони ассистентік жасады.

Екніші тайм бастала бере каталондық қорғаушы Надальдың қателігін пайдаланып, допты иеленіп алған Деян Савичевич қақпашының үстінен асыра салды, 3:0. Соңғы голды Марсель Десайи қақпашымен жеке шығып, торға түсірді.

Басқа да фактілер

Деян Савичевич 1991 жылы "Црвена Звезда" сапында, ал Марсель Десайи 1993 жылы "Олимпик Марсель" сапында осы турнир жеңімпазы атанған-ды. СОнымен, екі түрлі клуб сапында Чемпиондар Лигасын жеңген футболшылар саны төртеуге жетті. Бұған дейін румын Марк Белодедичи мен нидерландылық Рональд Куман осындай жетістікке жеткен-ді.

Матч туралы есептеме

18 мамыр 1994 жыл
Милан Италия 4:0 Испания Барселона
Даниеле Массаро  22'  45+2'
Деян Савичевич  47'
Марсель Десайи  58'
Голдар
Грекия Олимпиадалық, Афина
Көрермендер саны: 70 000
Төреші: Англия Филипп Дон
Team colours Team colours Team colours
Team colours
Team colours
 
Милан
Team colours Team colours Team colours
Team colours
Team colours
 
Барселона
ққ 1 Италия Себастьяно Росси
қр 2 Италия Мауро Тассотти (к) 35 минутта ескертілді 35'
қр 5 Италия Филиппо Галли
қр 6 Италия Паоло Мальдини Алмастырылды 83'
қр 3 Италия Кристиан Пануччи 88 минутта ескертілді 88'
ж 9 Хорватия Звонимир Бобан
ж 4 Италия Деметрио Альбертини 53 минутта ескертілді 53'
ж 8 Франция Марсель Десайи
ж 7 Италия Роберто Донадони
ш 10 Югославия Деян Савичевич
ш 11 Италия Даниэле Массаро 45 минутта ескертілді 45'
Алаңға шыққандар:
қр 13 Италия Стефано Нава Алмасуға шықты 83'
Бапкер:
Италия Фабио Капелло
ққ 1 Испания Андони Субисаррета
қр 2 Испания Альберт Феррер 58 минутта ескертілді 58'
қр 4 Нидерланд Роналд Куман
қр 5 Испания Мигель Анхель Надаль 54 минутта ескертілді 54'
қр 7 Испания Серхи 55 минутта ескертілді 55' Алмастырылды 71'
ж 3 Испания Хосеп Гвардиола
ж 6 Испания Хосе Мари Бакеро (к) 48 минутта ескертілді 48'
ж 9 Испания Гильермо Амор
ж 8 Болгария Христо Стоичков 24 минутта ескертілді 24'
ш 11 Испания Чики Бегиристайн Алмастырылды 51'
ш 10 Бразилия Ромарио
Алаңға шыққандар:
ж 14 Испания Эусебио Сакристан Алмасуға шықты 51'
ж 16 Испания Кике Эстебаранс Алмасуға шықты 71'
Бапкер:
Нидерланд Йохан Кройф