C.C.TAY

C.C.TAY
Әйгерім Мергенбай
Туған күні

18 сәуір 2000 (2000-04-18) (23 жас)

Туған жері

Шымкент

Азаматтығы

 Қазақстан


C.C.TAY (шын аты – Әйгерім Мергенбай; Туған күні: 18 сәуір 2000, Шымкент қаласы) – Q-pop жанрындағы қазақстандық әнші, актриса және блогер.

Өмірбаяны

2000 жылы 18 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген. А. Жұбанов атындағы музыкалық мектепті домбыра және фортепиано класы бойынша бітірген.

5 жылдың көлемінде әртүрлі республикалық байқауларға қатысып, көптеген сыйлықтардың лауреаты атанды, және де "Айгөлек" байқауының жеңімпазы болып табылады.

9-шы сыныптан кейін Т. Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының колледжіне "музыкалық театр әртісі"мамандығы бойынша оқуға түсті.

2018 жылдың наурыз айында "Сиситай" мюзиклінде басты рөлді сомдап шықты. Фильм жетістігінен кейін, продюсердің кеңесі бойынша C.C. TAY сахналық атын алды.

28-ші тамыз 2018 жылы "Мүмкін емес" атты дебюттік әні жарыққа шықты. Ал 10-шы қыркүйекте Гакку ТВ эфиріне түскен клипі шықты.

22-ші қыркүйекте "Junior Eurovision" байқауына ұлттық іріктеуде шақырылған әртіс ретінде осы әнмен өнер көрсетті.

Қазан айында Алматыда өткен Q-Fest фестиваліне қатысты.

11-ші қазанда "TARAZ FEST" фестиваліне қатысты.

31-ші қазанда "Oianamyn"әнін шығарды.

Желтоқсан айында жыл сайынғы "Жыл таңдауы"сыйлығының арнайы дипломына ие болды.

2018 жылдың 25-ші қаңтарында әнші Shvringvn қатысуымен "Oń-solga" бейнеклипі шықты.

2017 жылдың ақпан айында North Vision Song Contest 28 халықаралық музыкалық байқауына қатысып, екінші орынға ие болды.

2019 жылдың наурызында Ogan Second Chance Contest 28-де Қазақстанды таныстыру үшін таңдалды.

18-ші сәуірде "Ever" әнін шығарды.

18-ші маусымда "Ainalaiyq" әніне бейне клип шығарды.

14-ші тамыз күні "Zian" әні шықты.

Қараша айында әншінің 7- композициясы кіретін "Tusimde Korem"дебюттік альбомы шықты. Ол iTunes Kazakhstan чартында 3 орын алды.

"Nege" әні C.C. TAY қатысқан "Suikimdi Stories" сериясындағы саундтректе болды.

Дискографиясы

Студиялық альбомдар

  • TusimdeKorem (2019)
    • TusimdeKorem
    • Ever
    • Zian
    • Nege
    • Luv
    • Enip
    • Onai (feat. Shvringvn)

Әндері

  • Мүмкінемес (2018)
  • Oianamyn (2018)
  • On-Solga (feat. Shvringvn) (2019)
  • Ever (2019)
  • Ainalaiyq (2019)
  • Ainalaiyq (Acoustic version) (2019)
  • Zian (2019)
  • TusimdeKorem (2019)

Фильмография

  • Сиситай (2018)
  • Suikimdi stories (2019)

Дереккөздер

  1. Галия Байжанова Баян Алагузова представила публике мюзикл "Сиситай". Чего ждать от этого фильма?. informburo.kz (7 наурыз 2018).
  2. Поздравляем Мергенбай Айгерим с победой в Республиканском конкурсе на соискание студенческих стипендий Фонда Первого Президента Республики Казахстана – Елбасы!
  3. Карим Кадырбаев «Сиситай»: Величайшая шоувумен. Brod.kz (6 наурыз 2018).
  4. Алан Исаев Топ-5 музыкальных звезд Казахстана, которые станут кумирами ваших детей. Экспресс К (24 қаңтар 2019).
  5. Чего ждать от q-fest?. НТК (1 қазан 2018).
  6. Фестиваль «TARAZ FEST» состоится в Таразе 11 октября. ZhambylNews (11 қазан 2018).
  7. C.C.TAY
  8. София Муратова Самые популярные клипы СиСитай. Nur.kz (31 мамыр 2019).
  9. C.C.TAY Chart Positions on iTunes/Spotify/YouTube Мұрағатталған 20 желтоқсанның 2019 жылы.
  10. C.c.tay's Top 40 Artists Chart Achievements
  11. Первый веб-сериал на казахском языке в жанре дорама Suikimdi stories. brod.kz (19 қараша 2019).

Сыртқы сілтемелер