Coursera | |
URL | |
---|---|
Коммерциялық |
Білім алушыларға тегін (кітаптан басқасы) |
Сайттың түрі |
Онлайн білім беру |
Тіркелу |
Міндетті |
Тіл(дер)і |
ағылшын, испан, итальян, қытай және француз |
Сервердің орналасқан жері | |
Иесі |
Andrew Ng және Daphne Koller |
Авторы |
Andrew Ng және Daphne Koller |
Ашылған уақыты |
2012 жылы сәуір |
Қазіргі статусы |
Бета тестілеуде |
Coursera — Стэнфорд Университетінде кіріске-негізделген технологиялық білім-беру компаниясы.
Coursera веб-сайты тегін онлайн курстарымен қамтамасыз етеді. Coursera-дан информатика ғылымдары; денсаулық сақтау, медицина және биология; қоғам, жүйе және ақпарат; әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар; математика және санақ ғылымдары; экономика, қаржы және бизнес салаларындағы куртстарды табуға болады. Әр курс апталық жүйеде әртүрлі тақырыптарға қатысты қысқа видео-лекциялар мен тапсырмалардан тұрады. Көбінесе гуманитарлық және қоғамтану ғылымдарына арналған курстарда және көптеген объективті стандарттарды қолдану мүмкін болмайтын тапсырмаларда, эксперттік бағалау жүйесі қолданылады.
2012-жылдың күзінде 100-ден артық онлайн курстар ұсынылған. Университеттің швецариялық серіктестері, EPFL, француз тілінің курстарын ұсынған болатын. 2012 жылдың қарашасында Coursera Білім беру американ кеңесімен (ACE) Coursera курстарына арналған кредиттік эквиваленттіліктігін бағалау жайында жұмыс істейтіні туралы жарияланған.
Курс аты | Инструктор | Күні |
---|---|---|
Natural Language Processing | Dan Jurafsky, Christopher Manning | наурыз 2012 |
Design and Analysis of Algorithms I | Tim Roughgarden | наурыз 2012 |
Model Thinking | Scott E. Page | наурыз 2012 |
Probabilistic Graphical Models | Daphne Koller | наурыз 2012 |
Cryptography | Dan Boneh | наурыз 2012 |
Software as a Service | Armando Fox, David Patterson | наурыз 2012 |
Automata | Jeff Ullman | сәуір 2012 |
Compilers | Alex Aiken | сәуір 2012 |
Computer Vision: The Fundamentals | Jitendra Malik | сәуір 2012 |
CS 101 | Nick Parlante | сәуір 2012 |
Introduction to Logic | Michael Genesereth | сәуір 2012 |
Machine Learning | Andrew Ng | сәуір 2012 |
Introduction to Sociology | Mitchell Duneier | маусым 2012 |
Introduction to Finance | Gautam Kaul | шілде 2012 |
Coursera Стэнфорд университеті және өзге америкалық универсиеттердің серіктестігі ретінде пайда болды. 2012 жылдың шілдесінде 12 университет серіктес атанды , осы жылы қыркүйекте тағы 17 университет қосылып серіктестер саны 33-ке жетті.
Coursera университеттермен серіктестікте магистратура курстарын да ұсынады. Мысалы, HEC Paris платформасы инновациялар мен кәсіпкерлік саласындағы атқарушы магистрдің серіктесі болып табылады. 100% онлайн, бұл бағдарлама 18 айда осы екі салада маманданған топ-менеджерлерді дайындауға бағытталған. Ол 2017 жылдың наурыз айында ашылды
Қазіргі таңда әртүрлі 33 университет Coursera арқылы онлайн курс өткізуде.