Daewoo | |
Құрылды | |
---|---|
Орналасуы | |
Саласы |
Машина өнеркәсібі |
Өнімі |
Автомобильдер, қозғалтқыштар |
Басшы компания |
Chevrolet |
Сайты |
Daewoo – («Тэу» корей тілінде 대우/大宇 «Үлкен Әлем» деген мағына береді) Оңтүстік Кореяның ірі чебольдарының (қаржы-өнеркәсіптік топтар) бірі. Компанияның негізі 1967 жылы 22 наурызда Daewoo Industrial деген атпен қаланған. Ал 1999 жылы Оңтүстік Корея үкіметі таратып жіберді.
Daewoo компаниясы электроника, тұрмыстық техника мен автомибильдер шығарумен айналысты. Компанияның құрамына шамамен 20 бөлімше кірген болатын. Дағдарысқа дейін көлемі жағынан Hyundai-дан кейінгі Кореядағы екінші конгломерат болған. Ол LG және Samsung компанияларынан көлемі бойынша үлкен болатын. Daewoo тобының құрамында бірнеше басты корпорациялар болған:
1998 жылы болған азиялық қаржы дағдарысының әсерінен Daewoo тобы қаржы дағдарысына ұшырады.Сонымен қатар Ким Дэ Чжуне президентінің билігі кезінде компанияның Корея үкіметімен қарым-қатынасы нашарлады.
Корей үкіметі несие алуға(бұрын төмен және шектеусіз болған) қатаң шектеулер қойды.Экономикалық дағдарыс көптеген чеболдерді қысқартулар мен оңтайландыруға әкелсе, Daewoo керісінше бір жылдың ішінде үлкен шығындардан (458 000 000 доллар) кейін,жұмыс жасап тұрған 275 бөлімшелерге 14 жаңа фирма қосты.1997 жылы Оңтүстік Кореядағы ең ірі төрт концерндер өздерінің акцияларының құнынан бес есе асатын қарыздары болды.Дегенмен LG және Samsung дағдарыстың екінші жылында көптеген қысқартулар мен қайта құру жұмыстарын жүргізді. Daewoo жұмыстарын бұрынғы қалыппен жүргізді. Осынын нәтижесінде концерннің қаразы 40 %-ға өсті.
1999 жылы Оңтүстік Кореяда көлемі бойынша екінші орында болған Daewoo концерні банкрот болды. Оның 100-ден астам елде бөлімшелері болған және 80 миллиарддоллардан асатын қарыздары болған.
Компания тарағаннан кейін оның президенті , Ким Уджун, Францияға қашып кетеді. Ол 6 жыл шет елде өмір сүргеннен кейін 2005 жылы маусымда Кореяға қайтып оралады. Елге келген соң тұтқынға алып, оны43,4 миллиарддолларға жасаған алаяқтыққа, 10,3 миллиарддолларды заңсыз иемденгені үшін және 3,2 миллиарддолларға елде контрабандамен айналысқаны үшін айыптады.
2007 жылы 15 қарашада Оңтүстік Кореяда Daewoo-ның президентіЛи Тхэён және 13 азаматтар құқық бұзушылық айыбымен сотталды.Оларды – Бирма мұнай-газ өнеркәсібіне қатысты заңсыз операцияға байланысы бар деп, сонымен қатар қару-жарақ, қару технологиясы мен бирмалық хунта жабдықтарын сатқаны үшін айыптады.Компания концерндері Оңтүстік Кореяның экономикасында маңызды рөл атқарғандықтан , Daewoo-ның құлауы осы күнге дейін дау туғызуда. Компанияның құлауы Корея банктері мен үкіметін бірнеше миллиард доллар шығынға әкелді. Бұл тек қаржылы дағдарысқа емес сонымен қатар саяси дағдарысқа әкелді.Халық тұрғындарының көп бөлігіне ауыр соққы болды.
Daewoo Electronics басты концерннің құлауына қарамастан нарықтағы белсенділігін тоқтатпады. Компанияның басқа бөлімшелері жеке компания болды немесе жұмысын тоқтатты. Кейбір бөлімшелерді президентКим Дэ Чжун қайта ұйымдастырды.
Қазіргі таңда Солтүстік Америкадағы Daewoo Electronics-тың өнімдері, ODM келісімінің негізінде «Trutech» маркасымен шығарылуда. Daewoo тобы (электроникадан басқа) үш бөлікке қайта ұйымдастырылды:
Daewoo-ның кейбір бөліктері басқа фирмаларға бірігіп кетті: Дженерал Моторс жеңіл автомобилдер бөлімшесін сатып алды. Өндіріс «GM-DAT» (ағылш. General Motors - Daewoo Auto and Technology) деп өзгертілді.Daewoo Commercial Vehicles-ты «Tata Motors» (Үндістан) сатып алды. Ол әлемде орташа және ауыр жүк автомобилін шығару бойынша бесінші орын алады; атқыш қару және автомобилдің қосалқы бөлшектерін шығаратын бөлімшені S&T Holdings сатып алды. Ол 2006 жылдан бастап S&T Daewoo деген атаумен белгілі.
2004 жылы GM Австралия мен Жаңа Зеландия нарығынан Daewoo компаниясының автомобилдерін алып тастады.Бұл компанияның сауда маркасына ауыр соққы болды. Daewoo автомобилдеріосы елдерде Holden дегенатпен шығарылады леп жарияланды. 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропада сатылатын автомобилдер (Украинада шығарылатындарды да қосқанда) атауын Daewoo-дан Chevrolet-ке өзгертті. Сол кезде Оңтүстік Африкада, Таиландта және Таяу Шығыста Daewoo автомобилдеріChevrolet атауымен сатылып жатқан болатын. Тек Оңтүстік Кореяда, Өзбекстанда және Вьетнамда Daewoo сауда маркасы сақталып қалды. Дегенмен компанияның Оңтүстік Кореядағы қаржы жанжалдары мен айла-амалдарына байланысты беделінің кесірінен, 2011 жылдың басында Дженерал Моторс Daewoo-ны пайдаланудан бас тартты. КомпанияныңВьетнам мен Өзбекстандағы болашағы анық емес.
Daewoo мұнай мен газ өнеркәсібінде алға жылжып келеді.Батыстың көптеген мұнай және газ компаниялары Бирмада (сол жерді билейтін әскери хунтаның адам құқықтарын бұзуына байланысты) өз бизнестерін бастаудан бас тартқанына қарамастанDaewooYadana облысындағыгаз өңдейтін үш (басқа екеуі: француздық Тоталь және американдық Unicol) концерннің бірі. Бирмада жүргізілген Daewoo-ның зерттеу жұмыстары барысында , Ракхайн штатында Азиядағы газдың ең үлкен шыққан жерін табады. Бұл жерден газ өндіру алдағы бес жылдыққа жоспарланған болатын. Daewoo көп жылдар қатарынан Бирмадағы ірі шетелдік инвестор болады.
2002 жылдан бастап американдық General Motors автогигантының құрамында болған Кореяның Daewoo бренді 2011 жылдың 1 наурызынан бастап жұмысын тоқтатты.