Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Google Map Maker Google компаниясының картографиялық сервисі, 2008 жылдың маусым айынан 2017 жылдың 31 наурызына дейін жұмыс жасады , мұның Google Maps-тан айырмашылығы қолданушылардың өздері түрлі елдердің картасына картографиялық мәліметтерді енгізуіне, кемшіліктерді толықтыруға немесе қате мәліметтерді түзетуіне мүмкіндік береді. Бұл қауымдастықтың жұмыс нәтижесі OpenStreetMap және Викимапия сияқты басқа картографиялық сервистерге ұқсайды. OpenStreetMap-тан ерекшелігі Google қауымдастық жасаған карталарды өзінің интеллектуалдық меншігі санайды. Жобаның түпкі мақсаты жоғары деңгейдегі сапалы мәліметтерді жинау, содан соң оны Google Maps сервисіне жариялау, бірақ Map Maker арқылы енгізілген өзгерістер бірден Google Maps-тан көрсетілмейді.
Қолданушылар картада өздігінен өңдей алады. Бұрыннан бар нысандарды өзгерте алады, жолдар, темір жолдар, өзендер т.б. жаңа объектілерді сызып картаға енгізе алады.Сонымен бірге қолданушылар ғимараттар, ормандар, суқоймалар тәрізді үлкен объектілерді де картааға енгізе алады. Бір қараған кезде сайт Google Maps жобасымен бірдей сияқты болып көрінеді, мұнда да үш түрлі көру режимі бар (карталар, спутник карталар және гибрид карталар), осы арқылы қолданушылар карталарды, спутниктік суреттерді және екеуін араластырып көре алады. Екі түрлі сурет салу құралы бар: таңбалау түрі (картаға нүкте салу), линияларды салу түрі (жол, теміржол, өзен т.б. салу үшін).
Қазіргі уақытта осы жоба төмендегі елдердің тізімінде қол жетімді. Қолданушылар өзінің географиялық тұрғылықты жеріне қарамастан осы территориялардың карталарын өңдей алады:
|
|
|