LG E400 Optimus L3

LG Optimus L3 E400 туралы қысқаша мәліметі

30*40px

Модель нөмірі: LG Optimus L3 E400

Жұмысты бастау

Параметрлерді орнату

  • Телефонды пайдалану үшін, оған SIM картасы мен батареяны салу қажет.
  • Ендірілген камераны пайдаланып отырып түсірілген суреттер сияқты мультимедиа файлдарды сақтау үшін жад картасын телефонға салу керек.
  • Телефонды алғаш қосқанда, оның параметрлерін реттеу үшін орындалатын негізгі қадамдар көрсетіледі.

Телефонды зарядтау

  • Зарядтау порты телефонның бүйірінде орналасқан.
  • Зарядтау кабелінің бір ұшын телефонға, екіншісін қабырға розеткасына жалғаңыз.
  • Батареяның қызмет ету мерзімн барысынша ұзарту үшін, алғаш пайдаланбас бұрын батареяны толық зарядтап алу керек.

Бастапқы экран

Виджеттерді немесе таңдаулы қолданбалардың таңбашаларын қосу арқылы әр экранды қалауыңыз бойынша реттеуге болады.

Бастапқы экранға белгішелер қосу

  • Экрандар арасында ауысу үшін, саусағыңызды оңға немесе солға қарай жүргізіңіз. Элементтер қосылатын экран ашылғанда, тоқтатыңыз.
  • Бастапқы экрандағы бос аймақты түртіп тұрыңыз.
  • Виджеттер, Сілтемелер, Папкалар немесе Тұсқағаздар опциясын түртіңіз де, қосылатын элементті таңдаңыз.

Хабарландыру экраны

Осы экранда Үнсіз, Діріл, Wi-Fi, Bluetooth, GPS, музыка ойнатқышы және тағы басқа мүмкіндіктерді көруге және реттеуге болады. Экранның жоғарғы жағында хабарлындыру тартпасы көрсетіліп тұрады.

Мүмкіндіктерді қосу/өшіру

1. Хабарландыру тартпасының жолағын түртіп, төмен қарай сырғытыңыз. 2. Функцияларды қосу/өшіру үшін тиісті белгішелерді түрту керек. Кеңес! Батарея зарядын үнемдеу үшін, Wi-Fi, Bluetooth, GPS қызметтерін пайдаланбаған кезде өшіріп қойыңыз.

Телефонды компьютермен қадамдастыру

LG PC Suite компьютер қолданбасы- USB деректер байланысы кабелі Wi-Fi желісі арқылы құрылғыны компьютерге қосуға көмектесетін бағдарлама. Қосқаннан кейін құрылғыңыздағы функцияларды компьютерден пайдалануға болады.

Тағы қараңыз

http://www.technodom.kz/aktobe/catalog/3487/160185/(қолжетпейтін сілтеме)

Дереккөздер

Қысқаша нұсқау LG Optimus L3 E400