Де-Севр (фр. Deux-Sèvres, мағынасы — «екі Севр») — Францияның батысындағы департамент, Пуату-Шарант аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 79. Әкімшілік орталығы — Ньор. Халық саны 344,4 мың адам (департаменттер арасында 64-ші орын, 1999 ж.).
Жер аумағы 5999 км². Департамент арқылы Севр-Нантез және Севр-Ньортез өзендері ағып өтеді . Осы өзендерден департаменттің атауы шықса керек.
Департамент 3 округ, 33 кантон және 307 коммунаны қосады.
Де-Севр — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Пуату провинциясының аймағында пайда болған.
Бұл — Франция географиясы туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
|