Пампа

Пампа (ис. pampa, кечуа тілінде - жазық, дала) – Оңтүстік Америкада Аргентина мен Уругвайдың едәуір бөлігін алып жатқан лесстен құралған субтропиктік жазық дала; Оңтүстік Американың қоңыржай белдеуінде Аргентинаның территориясын түгелімен дерлік алып жатқан кең байтақ жазық дала; солтүстігіңде – тропиктік ормандармен, Гранчако саванналарымен, шығысында – Атлант мұхитымен, оңтүстігінде – Патагония шөлейтімен, ал батысында – Анд тауларымен шектеседі. Пампаның шығыс аймақтары ылғалды, жауын-шашынның жылдық мөлшері - 800- 1000 мм.

Пампа бұрын мал шаруашылығына кең пайдаланылып келді, соңғы уақытта көптеп егін шаруашылығына да игерілді. Оның шығыс жағында Оңтүстік Американың ең ірі бидай өндіру ауданына айналған құнарлы қара топырақты алқап орналасқан.

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
  2. Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.