Түрік әліпбиі

   Түрік латын әліппесі  
-{A}- -{B}- -{C}- -{Ç}- -{D}- -{E}- -{F}-
-{G}- -{Ğ}- -{H}- -{I}- -{İ}- -{J}- -{K}-
-{L}- -{M}- -{N}- -{O}- -{Ö}- -{P}- -{R}-
-{S}- -{Ş}- -{T}- -{U}- -{Ü}- -{V}- -{Y}-
-{Z}- -{Â}- -{Î}- -{Û}-

Түрік әліппесі — 29 әріптен тұратын осы заманғы латын қарпіне негізделінген әліппе.

Бас және кіші әріптері:

A B C Ç D E F G Ğ H I İ J K L M N O Ö P R S Ş T U Ü V Y Z (Â Î Û)
a b c ç d e f g ğ h ı i j k l m n o ö p r s ş t u ü v y z (â î û)


Тарихы

Кеңес Одағындағы латындандыру науқаны өткізілген кезіне тән бұрын болған османлы түріктерінің араб жазуына негізделінген әліппе орнына 1928 ж. қарашаның 1 № 1353 Түрік әліппесін қабылдау және жүзеге асыру Заңы бойынша енгізілген.

Әріп кестесі

Әріп IPA қазақша кирил
транскрипциясы
A a а
B b б
C c дж
Ç ç ч
D d д
E e е
F f ф
G g г
Ğ ğ ғ; Дыбыстар деген бөлімді қараңыз
H h һ
I ı ы
İ i і
J j ж
K k , к
L l , л
M m м
N n н
O o о
Ö ö ө
P p п
R r р
S s с
Ş ş ш
T t т
U u ұ
Ü ü ү
V v в, у(сөз соңында)
Y y й; ya, yu/yü, ye (я, ю, е) әрптерімен жазылады
Z z з

Дыбыстар

Ğ (yumuşak ge)

Негізінде <ğ> әрпі этимологиялық дыбысын көрсету жөн, бірақ әдеби айтылуында алдындағы дауысты дыбысты ұзартады және келесі дауыстыны үндестіреді. Бұл әріп сөздің нағыз басында кездестірілмейді. Мысалы: Dağ - Даа (қаз.Тау)

Нүктелі İ мен нүктесіз ı

Нүктелі İ мен нүктесіз I әріптері дара боп табылады. Нүктесіз ı кіші әрпініне сәйкес бас әрпі I болады және де нүктелі i кіші әрпініне сәйкес бас әрпі İ болады. (Алғашқы заңда нүктелі İ әрпі нүктесіз I алдында болған, қазіргі реттеуде орны алмастырылған.)

Сирконфлексті â, î және û

Сирконфлекс қойылған <â>, <î> және <û> өте сирек кездесетін міндетті емес әріптері, <a>, <ı> және <u> әріптерінің нұсқалары деп табылады. Бұлар алдыңғы дауыссыз дыбысты палатализциялануын (жұмсартуын) көрсету үшін пайдаланылады. Араб, парсы тілдерінен алынған кірме сөздерінде даустылардың ұзартылғанын көрсетеді. Мысалы: Kâr - Кяр (қаз.Пайда) Tarihî - Тарихии (қаз.Тарихи)

Q, W, X күйі

Түрік әліппесінде Q, W, X деген әріптері мүлдем жоқ, олардың орнына тиісінше K, V, KS әріптері пайдаланылады.