2018/19 жылғы Чемпиондар Лигасының шешуші, соңғы матчы 2019 жылы 1 маусым күні Мадридтегі "Ванда Метроплоитано" стадионында өтеді. Онда Англияның қос клубы "Ливерпуль" мен "Тоттенхэм" сынға түсіп, "Ливерпуль" 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл — бір елдің клубтары өзара ойнайтын тарихтағы алтыншы финал (бұған дейін 2000, 2014, 2016 жылдары испан клубтары, 2003 жылы италиялық клубтар, 2008 жылы ағылшын клубтары, 2013 жылы неміс клубтары өзара ойнаған). Сондай-ақ екінші "ағылшындық финал". 2008 жылы "Манчестер Юнайтед" пен "Челси" бас жүлдені сарапқа салған болатын.
"Ливерпуль" 2018/19 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды, сондай-ақ келесі жылғы маусымды топтық турнирден бастайды, 2019 жылғы УЕФА Суперкубогы мен Клубтар арасындағы әлем біріншілігіне жолдама алды.
Стадион
Бұған дейін Испанияның астанасы Мадрид турнирдің финалын бірнеше рет қабылдады (1957, 1969, 1980, 2010). Бірақ ол финалдардың барлығы "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтті. "Ванда Метрополитано" 2017 жылы ғана салынып біткендіктен, Чемпиондар Лигасының финалын бірінші рет қабылдады.
Стадионға 67 мың адам сыяды. "Атлетико Мадрид" клубы өз алаңындағы ойындарын өткізеді. Айта кетейік, 2019 жылғы финалды өткізу үшін Бакудегі Олимпиада стадионы да үміткер болған-ды. Нәтижесінде "Ванда Метрополитанода" УЕФА чемпиондар Лигасының финалы, ал Бакуде УЕФА Еуропа лигасының 2019 жылғы финалы өткізілетін болды.
Финалистер
Матч
Шолу
Протокол
Дереккөздер
|
---|
| Еуропа чемпиондары кубогының маусымдары | |
---|
| УЕФА Чемпиондар Лигасының маусымдары | |
---|
| Еуропа Чемпиондар Кубогының финалдары | |
---|
| УЕФА Чемпиондар Лигасының финалдары | |
---|
| |
|